МАМАНДЫҚ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Мамандығы – 06120100 «Есептеуіш техника және ақпараттық жүйелер»
Біліктілігі – 3W06120101 «Компьютер және аппараттық құралдар операторы»
Оқыту ұзақтығы – 9-сынып негізінде – 2 жыл 10 ай
Оқу нысаны – күндізгі бөлім
Оқыту тілі – қазақ тілі, орыс тілі
Бұл маман компьютерде ақпаратпен жұмыс істейді, деректерді енгізеді, өңдейді және қажет болған жағдайда оны корпоративтік желілерге немесе Интернетке жібереді. Сондай-ақ бағдарламалық өнімдер мен операциялық жүйелерді пайдалана алады. Бұл маман Office бағдарламалық пакеттерімен (Microsoft Office, LibreOffice, OpenOffice.Org, т.б.) жұмыс істей алады, графикалық бағдарламаларды Corel Draw, Adobe Photoshop, Blender және т.б. пайдалана алады, операциялық жүйені орната және конфигурациялай алады. Қызмет көрсету барысында маман компьютерлік жабдықты орнатумен, техникалық қызмет көрсетумен және жаңғыртумен айналысады, сонымен қатар ДК, қашықтағы серверлер, көптеген перифериялық құрылғылар, мультимедиялық және кеңсе жабдықтарының жұмысын бақылайды. 9 сынып негізінде оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» мамандығын игеру үшін осы мамандық бойынша Талғар политехникалық колледжіне түсу керек.