Талгар политехническый колледж
Алматинский государственный колледж технологий и флористики

Новости

15 қараша – Жұмыс берушілер күніне орай ұйымдастырылған дөңгелек үстел туралы ақпарат

15 қараша – Жұмыс берушілер күні болып Қазақстан Республикасында 2022 жылдан бері аталып жатыр. Талғар политехникалық колледж де бұл іс-шарадан тыс қалған жоқ.15 қараша колледжде әлеуметтік серіктестермен бірлескен Жұмыс берушілер күніне арналған дөңгелек үстел өткізілді. Аталмыш іс- шараға Талғар ауданының беделді іскер азаматтары мен азаматшалары, колледждің келесідей әлеуметтік серіктестері қатысты: «AKHM TK» ЖШС Тлеубай Ерболат Қанатұлы, «GLASMAN» ЖШС басшысы - Хилажев Анвар Олегович, «SAF RESORT» шипажай басшысы - Какибаев Ардак Нурланович, «ZETA» ЖШС басшысы - Кенжеханов Бахтияр Асфендиярович, «ГУНН СТРОЙ СЕРВИС» ЖШС басшысы - Амиргалиев Ертисхан Несипханович, «ГУРМАН» кафесініңбасшысы - Амраев Илияр, «КОМПАС» ЖК Вяткин Виктор Сергеевич, «CLOTWELL» ЖШС басшысы - Кулешова Валерия Геннадьевна, «МАКI-МАКI» ЖК Исагалиев Хамит Габитович, «ТАЛҒАР СУ» МК Смагулов Қуатбек Нығыметович, ЖШС «Texti market» Талғар ауданының РЭС басшысы - Кенхан Асыл Болатханұлы, «ЮЖНЫЙ» Плодоконсервный комбинат» басшысы - Таев Рахат Кайратович.

Дөңгелек үстелдіңмақсатын - кадрларды даярлау бойынша жұмыс берушілермен тиімді ынтымақтастықты нығайту деп белгілеп, келген серіктестермен осы мәселе аясында әңгіме-сұхбат жүргізілді. Колледж басшысы – Калыкова Бакыт Баймуратқызы серіктестердің айтқан ұсыныстарын мұқият тыңдап, болашақта бірлескен жақсы жобаларды қолға алуға шешім қабылдады. Серіктестердің ұсынған ұсыныстарының бірегейі – нарыққа қажетті, сұранысқа ие мамандықтарды ашу, өз қарамақтарында жұмыс жасайтын шеберлерінің біліктілігін арттыру, бірлескен жобаларды жасау және т.б. Дөңгелек үстел барысында Шалабаева Алмагуль Біржановна «ГУНН СТРОЙ СЕРВИС» ЖШС –ң өкілі:Талғар политехникалық колледжінде болашақта құрылысшы мамандығын ашып оқытсаңыздар деген ұсыныс тастады, сол ұсынысқа Талғар политехникалық колледж директорының м.а Бақыт Баймұратқызы Облыстық Білім басқармасының басшысының орынбасары Гүлсара Тастандиевнамен осы сұрақ көтерілгенін айтты, жаңа мамандықтарға оқу бағдарламасын әзірлеп, лицензия алып, реестр бекіту туралы мәселе көтерілгенін, сонымен қатар Талғар политехникалық колледжіндегі ескі ғимараттардың орнына жаңа заман талабына сай ғимараттар салынып, жаңа мамандықтар бойынша зертханалар мен шеберханалар салу жоспарлануда екенін айтты. «АКНМ ТК» ЖШС-ң бас директоры - Тлеубай Ерболат Қанатұлы да әріптесіне қосылып,«Геолог», «Горняк», «Мастер по горной технике» мамандықтарының тапшы екенін айтты, сонымен қатар өздерінің өндірістерінде жаңа заман талабына сай станоктардың бар екендігін, сол станоктармен жұмыс жасайтын жұмыскерлердің жоқтығын, білікті мамандардың тапшы болып тұрғаның, жоғарғы оқу орындарынан келген түлектер, тәжірибеден өтуге келген студенттердің жұмысқа деген қызығушылығының жоқтығын айтып, Талғар политехникалық колледжінде осы мамандықтардың бірін оқытса деген ұсыныс айтты. Сол ұсынысқа Талғар политехникалық колледж директорының м.а Бақыт Баймұратқызы ЖОО-на қарағанда, колледждерде практикаға аса назар аударылып, оқу бағдарламасын серіктестермен біріге отырып жасалатындықтан, болашақ мамандардың тәжірибесінің және жұмысқа бейімі жоғары екендігін айтты, Облыстық білім басқармасымен біріге отырып қазіргі нарықта сұранысқа ие мамандықтарды болашақта ашылу мүмкіндігін айтты. Ерболат Қанатұлы «Жаңа Қазақстан» жаңару және жаңғыру жолын құру жолдауының дамуына өз үлестерін қосқысы келетінін және бүгінгі жиынға арнай келгендігін, Талғар политехникалық колледжінде өздеріне қажет мамандықтар ашылып, тығыз жұмыс істеуіне, болашақ Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектерінің біліктіліктерін арттырып, жұмыспен қамтамасыз етіліп, кадр тапшылығын жойып, жұмыскерлерге барлық жағдай жасалып, өз жоспарларында 30 отбасына арналған жатақхана салатындығы туралы айтып,Талғар политехникалық колледжімен ынтымақтастық туралы меморандумға отырғысы келетіндігін айтты. Бұл пікірге Плодоконсервный комбинат «ЮЖНЫЙ» ЖШС-ң бас директоры - Таев Рахат Кайратович қосылып, өз пікірін де білдірді: Талғар политехникалық колледжінде болашақта механик мамандығын ашып оқытсаңыздар деген ұсыныс тастады, сол ұсынысқа Талғар политехникалық колледжінің директорының м.а. Бақыт Баймұратқызы болашақта қазіргі нарықта сұранысқа ие жаңа мамандықтардың ашылуына жұмыс жасалып жатқанын айтты. ЖШС «GLASMAN» компаниясының бас маманы - Ерназарова Рабиға Ғабитқызы: білім берумен қатар студенттердің ата-аналарымен тығыз жұмыс жасап, тәрбиелік жұмысқа да аса назар аударуларын сұрады, себебі практикаға келген студенттердің жұмысқа деген қызығушылықтарының төмендігін, берілген қосымша жұмыс жасауға ниеттерінің жоқтығын, жұмыста мансабының көтерілу мақсатында, кәсіпорындағы барлық операцияларды орындай алу керектігін айтты. Талғар политехникалық колледж директорының м.а. Бақыт Баймұратқызы сабақ кестесіне «Тәрбие сағаты» енгізілгені туралы және өндірістік – оқыту шеберлері өндірістік сабақтың ұйымдастыру кезеңінде студенттерге осының барлығы түсіндіріліп, жеткізіліп отыратыны айтылды, сонымен қатар әлеуметтік серіктерстерге «Қонақ дәрістерін» ұйымдастырып, колледж студенттеріне дәріс берулерін сұрады. Талғар политехникалық колледж директорының оқу-өндіріс, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары: Бекболатов Ж.Н. пен Бейсембаева Е.Қ.«Дуалды оқыту: әлемдік тәжірибе және қазақстандық оқыту жүйесі», «Оқу мазмұны – сапалы кадр дайындаудың кілті» тақырыптарынабаяндамаларын тақырыпқа сай етіп әзірлеп, баяндап шықты. Дөңгелек үстелдің бірінші бөлімі Жұмыс берушілер күні аталып өтілсе, екінші бөлімінде Өнеркәсіптік кеңестің отырысы өтті. Отырыс барысында Өнеркәсіптік кеңес төрағасы болып ЖШС «CLOTWELL» басшысы - Кулешова Валерия Геннадьевна Талғар политехникалық колледж басшысы – Калыкова Бакыт Баймуратқызының ұсынысымен тағайындалды. Кеңес барысында Өнеркәсіптік кеңес мүшелерімен де танысып, ол кісілердің ұсыныстарын тыңдап, пікір-талас жүргізілді. Биылғы оқу жылында жаңадан қатарымызға қосылған ЖШС «ГУНН СТРОЙ СЕРВИС», «SAF RESORT» шипажайы, ЖШС «AKHM TK» атты серіктестермен бірлескен жұмыс туралы Меморандумға қол қойылды.