БАСТЫ БЕТ

«Мен  жастарымызды  жұмысшы  мамандығын белсенді меңгеруге шақырамын. Жұмысшы  мамандықтарын  меңгеру керек. Кезінде мен де жұмысшы киімін киюден бастадым, домна пеші  от – жалынының жанында тұрдым.Үлгі алыңдар! Жылдар өтеді,бірақ осы өмірлік тәжірибелерің, сендер қандай өмір жолын таңдап алсаңдар да міндетті түрде кәделеріңе жарайды.»

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың               Қазақстан халқына Жолдауынан.

Колледж тарихы

Бір ғасырға бір қарыс жақын қалған Талғар политехникалық колледждің осынау ғұмыры 85-інші жылға аяқ басып келеді. Осы қасиетті шаңырақта мамандық таңдап, білім алған кешегі шәкірттерді облысымыздың,тіпті республикамыздың кез келген өңірлеріндегі еңбек төрінен кездестіруге болады. Ғұмыры ұзақ, өрісі кең отау үйдің қара шаңырағы 1934 жылы ашылған. Колледж алғаш 1933-1934 жылдары Кәсіптік – техникалық мектеп деп аталыпты.

Республиканы механизатор мамандығымен қамтамасыз етіп отырған білім мекемесі 1953 жылы «Талғар ауылшаруашылық механизация және электрофикация училищесі» болып өзгертілді. Училище Республикамыздың Солтүстік облыстарына машинист-тракторист мамандарын көбірек дайындауға баса көңіл бөледі. Ал 1973 жылы училище атауы «Ауылшаруашылық кәсіптік-техникалық училище» болып жаңартылды.

Мемлекеттік кәсіптік білім басқармасының № 220 бұйрығы бойынша 1984 жылы 7 қыркүйекте училище атауы « № 4  Талғар орта кәсіптік-техникалық училищесі» болып атанды.

Училище автокраншы, бульдозерші, экскаваторшы мамандарын даярлау  арқылы  іріленген. Білім беру, оқу базасы арта келе 1985-1986 жылдары қоғамдық тамақтану және токарь, электргазбендәнекерлеуші мамандары қосылып іріленеді.

Училище атауы 1992 жылы «№4 Талғар кәсіптік-техникалық училище» болып жаңартылады. «Кәсіптік-техникалық училищені қайта құру туралы» 1996 жылғы ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің №152 бұйрығы негізінде училище атауы  «№4 Талғар кәсіптік-техникалық мектебі» болып өзгертілді. Мектеп Республика бойынша автослесарь, аспаз, тігінші, электргазбендәнекерлеуші, электромонтер мамандарын даярлау арқылы Республикамызға  кеңінен  танылады.

Облыс әкімінің  2002 жылы  №8-212  шешімімен кәсіптік-техникалық мектеп аталған атауы  «Кәсіптік мектеп» болып қайта өзгертілген. Мектеп 6 мамандық бойынша жұмысшы мамандарын дайындайды. 2005 жылдан бастап оқуды екі тілде жүргізуге көшеді.

Облыс әкімінің 2008 жылы №102 шешімімен  «№4 Кәсіптік мектеп» аты «№4 кәсіптік лицей» болып өзгертіледі. Осы   оқушылар саны екі есеге өсіп, олар 600-ге жетті. Бес жылдан кейін 2013 жылы облыс әкімінің №138 қаулысына байланысты «№4 кәсіптік лицей» атауы енді «Талғар политехникалық колледж» деп аталды. Бүгінде колледж 7 мамандық бойынша жұмысшы мамандарын дайындайды. Олар: «автокөлік жөндеуші», «аспазшы», «газэлектрдәнекерлеуші», «тігінші», «электромонтер», «электронды есептеуші машинасының операторы» және «компьютерлік қондырғыларына қызмет көрсету технигі».  2013-2014 оқу жылында Алматы облысы бойынша колледж алғашқы болып «e-Learning» бағдарламасымен оқыту жүйесіне енгізіледі. Бүгінде ұстаздар білікті, ғылыми дәрежесі, атағы бар, жоғарғы санатты, жаңа технологияны жетік меңгерген. Тәжірибелерінде ғылым мен практиканы байланыстырып білім берудің дуалды жүйесін дамытып, модульдік оқуды енгізіп келеді.

Колледж  оқу кабинеттерімен, жинақталған технологиялық құралдар мен жабдықтармен, шеберхана, кітапхана, асханамен жабдықталған.

Колледж тарихы өзінше бір шежіре. Ол ұрпақтан ұрпаққа қалар тарихи құжат. Ел аузындағы аңызды арқа тұтып, көне архивтерді ақтарып ізденбейсіз. Дайын жазба таптырмас мәлімет.Әрине колледж тарихы мұнымен шектелмейді. Дәуір ағысына орай жаңарады, оны жазба түрінде жалғастыру келесі қаламгердің үлесінде.

КОЛЛЕДЖ ТАРИХЫ 

Бізге – 85 жыл. Тарих – тек өткен күндер емес, ол кешегі мен бүгінгі күндер. Біз өткенді жақсы білсек, қазіргі мен болашақтың қадірін де түсіне аламыз.

 

         ТАЛҒАР  ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ  КОЛЛЕДЖІНІҢ  ТУЫ

ТАЛҒАР  ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ  КОЛЛЕДЖІНІҢ  ГИМНІ

Сөзі: Мұса Жанаділ

Әні: Ерқанат Нұрсұлтанұлы

Тарихы бар колледждің –жатқан аңыз,

Әнге қосып әрқашан мақтанамыз

Білім алып осында сан-саналы,

Маман болып жан- жаққа аттанамыз.

 

Қайырмасы:

Колледждің таңба,әні бар

Салтанатты сәні бар

Политехті таңдасаң

Мамандықтың бәрі бар.

 

Маман болу білікті-жарасады,

Ел мақтаны,қашанда дала сәні.

Алған білім,тәрбие барлығында,

Майданында еңбектің жалғасады.

 

Қайырмасы:

Колледждің таңба,әні бар

Салтанатты сәні бар

Политехті таңдасаң

Мамандықтың бәрі бар.

 

Өмір көшке ілесіп,бағынамыз,

Әр еңбектің төрінен табыламыз.

Қай ауылда жүрсекте,қай салада,

Ұстаздарды,достарды сағынамыз!

 

Қайырмасы:

Колледждің таңба,әні бар

Салтанатты сәні бар

Политехті таңдасаң

Мамандықтың бәрі бар.

1934 жылы ашылған. Колледж алғаш  Кәсіптік – техникалық мектеп деп аталыпты.
1934-1935
1973    Училище атауы «Ауылшаруашылық кәсіптік-техникалық училище»

болып жаңартылды.

 Жылдар өтіп жатты, өмір өзгерді, сонымен бірге колледж де өзгерді

 

1984
1985-1986
Оқу базасы арта келе училищеде қоғамдық тамақтану және токарь, электргазбендәнекерлеуші мамандықтары оқытыла бастады.

Мемлекеттік кәсіптік білім басқармасының № 220 бұйрығы бойынша училище атауы

« № 4 Талғар орта кәсіптік-техникалық училищесі» болып атанды.

Училище автокраншы, бульдозерші, экскаваторшы мамандарын даярлады.
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1992
«Кәсіптік-техникалық училищені қайта құру туралы» ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің №152 бұйрығы негізінде училище атауы  «№4 Талғар кәсіптік-техникалық мектебі» болып өзгертілді. Мектеп Республика бойынша автослесарь, аспаз, тігінші, электргазбендәнекерлеуші, электромонтер мамандарын даярлау арқылы Республикамызға  кеңінен  танылады.
Облыс әкімінің №8-212  шешімімен кәсіптік-техникалық мектеп аталған атауы  «Кәсіптік мектеп» болып қайта өзгертілген. Мектеп 6 мамандық бойынша жұмысшы мамандарын дайындайды.
Оқу екі тілде жүргізіле бастады.
Облыс әкімінің №102 шешімімен  «№4 Кәсіптік мектеп» аты «№4 кәсіптік лицей» болып өзгертіледі. Осы   оқушылар саны екі есеге өсіп, олар 600-ге жетті.
2008
2002
2005
1996
Училище атауы «№4 Талғар кәсіптік-техникалық училище» болып жаңартылады.
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Облыс әкімінің №138 қаулысына байланысты «№4 кәсіптік лицей» атауы енді «Талғар политехникалық колледж» деп аталды. Бүгінде колледж 7 мамандық бойынша жұмысшы мамандарын дайындайды. Олар: «автокөлік жөндеуші», «аспазшы», «газэлектрдәнекерлеуші», «тігінші», «электромонтер», «электронды есептеуші машинасының операторы» және «компьютерлік қондырғыларына қызмет көрсету технигі».
2013
Алматы облысы бойынша колледж алғашқы болып «e-Learning» бағдарламасымен оқыту жүйесіне енгізіледі.
2013-2014
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Колледж тарихында жаңа кезең 2000 жылы басталды

2018 жылдың сәуір айынан бастап Талғар политехникалық колледжін «Астанаға 10 жыл, Тәуелсіздікке 25 жыл, Конституцияға 10 жыл» атты төсбелгісінің иегері, Қазақстан Республикасының  Білім саласының Құрметті қызметкері, Қазақстан Республикасы Елбасының алғыс хатының иегері, «Қазақстан Республикасы Білім үздігі» атты төсбелгісі, Алматы облысы әкімінің мадақтау қағазымен, Білім және Ғылым министрлігінің мадақтау қағазымен марапатталған Садыкова Райхан Нурмурзаевна басқарып келеді.

Райхан Нұрмұрзаевна колледждің жаңа жетістіктері мен жақсы дәстүрлердің бастамашысы болды. Ол кісінің келуімен колледждің оқу-әдістемелік және материалды-техникалық базасы қарқынды даму үстінде.

Бүгінгі күнде Талғар Политехникалық колледжі – ол:

–         жаңа заманауи технологиялармен жабдықталған оқу аудиториялары мен зертханалар;

–         жоғарғы технологиялық ІТ – ресурстар;

–         кішігірім типография;

–         қажетті оқулықтармен жабдықталған кітапхана, оқу залы;

–         спорттық база (спорттық және тренажерлік зал, футбол алаңы);

–         «Түлектер аллеясы» 250 түп алма ағашы отырғызылған.

–         1 уақыт ыстық тамақпен тегін қамтамасыз ететін асхана;

–          Колледжіміз ғылыми жұмыстармен жан -жақты айналыса бастады. Дариға Нұрсұлтанқызының қолдауымен бүгінде жоғарғы оқу орындары бетбұрыс жасап, бірінші деңгейлі колледжімізге өз қолдауларын көрсетіп келеді. Бүгінде АТУ, Қ.Сатпаев атындағы Қаз ҰТЗУ, Қаз ИТУ,  Қаз ҰАУ, Қаз ҰПИ, Л.В. Васильев атындағы Кама АМТ, АЭБУ, ХАТУ, ҚРИА білім ордаларымен меморандумға қол қойылды Меморандум  аясында  жоғары оқу орындарымен жеке бірлестіктер арасында  жұмыс  жоспарлары  бекітілді.

–         Кәсіптік және техникалық білім беруде кәсіптік мекемелермен бірлесе жұмыс жасаудың тиімділігі негізге алынып, соңғы жылдары дуалды оқыту жүйесі еніп отыр. Бүгінде кәсіпорындар мен білім ордасының арасындағы қарым-қатынас жылдан-жылға нығая түсуде. Қазірдің өзінде ЖШС «Glasman», ЖШС «Тұлпар-Экспресс», ЖШС «Тексти-Маркет» кәсіпорындарымен келісімшартқа қол қойылып, түлектеріміздің   жұмысқа   орналасу    мәселелері    шешілген.

 

Жылдар өтіп жатты. Тәжірибе жинақталды.

Талғар политехникалық колледжі – көп профилді оқу орны, Республика бойынша ең үздік, алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі.

Колледждің осы уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері осының дәлелі:

–         Облыстық Білім Басқармасының ұйымдастыруымен аймақтық «Worldskills Taldykorgan» чемпионатында 5 мамандық бойынша қатысып, «Дәнекерлеу технологиялары»мамандығы бойынша Түркебай Нұрым ГРАН ПРИ –ді  иеленді.

 

–         Осы чемпионатта «Киім үлгісін модельдеу мен дизайны» мамандығы бойынша Зарлыхан Мөлдір Гран При-ді жеңіп алды.

–          «Worlskills Kazakнstan – 2018» жұмысшы мамандығы бойынша кәсіби шеберлердің аймақтық чемпионаты байқауына қатысып, Түркебай Нұрым ІІІ орынды иеленіп, колледжіміздің мерейін асқақтатты.

 

–         2017-2018оқу жылында Алматы облысы бойынша коллледждер арасында «Үздік колледж» сайысына қатысып, ІІ орын иелендік.

 

Колледждің педагогикалық ұжымы жоғары кәсіби

шеберлікке ие.

Медаль  иегерлері

 

–         Абильчанова Ж.А. «Ыбырай Алтынсарин» медалі

–         Абдиев В.Т «Мәңгілік елдің мәртебелі мұғалімі» медалі

–         Қарынбаев Қ.Б. «Мәңгілік елдің мәртебелі мұғалімі» медалі

–         Абеева А.А «Мәңгілік елдің мәртебелі мұғалімі» медалі

–         Бейсембаева Е.Қ «Мәңгілік елдің мәртебелі мұғалімі» медалі

–         Қасымова Б.К «Білім беру саласының үздігі»медалі

–         Құрманқожаева Ж.Б «Білім беру саласының үздігі» медалі

–         Нуптекеева Б.И «Ұлағатты ұстаз» төсбелгі

–         Мыңбаева А.Б. «Жылдың үздік ұстазы» төсбелгі

–         Рысбаев Қ.Р. «Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі» төсбелгі

–         Дуншебаев Ш.С. «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгі

–         19 жоғарғы санатты

–         17 бірінші санатты

–         25 екінші санатты

 

 

Колледж тарихында басшылардың есімі алтын әріппен жазылған

Әр жылда колледжімізді өз ісінің шеберлері басқарып келді:

1956-1957 жж. –  ӘТІБЕЕВ  БҮЙЕНБАЙ

1963-1973 жж. – ЕРЕМИН АЛЕКСАНДР СТЕПАНОВИЧ

1973-1982 жж. – МОЛОСТОВ АЛЕКСАНДР

1985-1993 жж. –  РОГАЧЕВ ЮРИЙ СЕРГЕЕВИЧ

1993-2002 жж. – СОЛТАНКУЛОВ АХАТ АЛИМЖАНОВИЧ

2002-2009 жж. – КАМАЛ АХМЕТЖАНОВИЧ ТҰРҒАНБАЕВ

 

2010-2011 жж. –  КЕНЖЕКЕЕВ МАРС МАНАСОВИЧ

2011-2018 жж. – КИБЕКБАЕВ ЖҰМАҒАЛИ ТҰРСЫНОВИЧ

 

Өз өмірін ұзақ жылдар бойы колледжге арнаған адамдар біздің алтын қорымыз болып саналады.

 

Касымов Турсын Абубакирович,  Никифорова Таисия Павловна,  Новожилов Алексей Андреевич, Панова Нина Иосифовна,   Ибрагимов Магомед– Шафи   Расулович,         Белялова Забира Абрахмановна, Кудрявцев Алексей Иванович, Иминов Шакир Турганович, Пестов Анатолий Петрович, Войтенко Николай Яковлевич, Молошная Ксения Прокофьевна,   Деревенский  Иван Степанович, Чепус Альберт Николаевич,  Афанасьева Таисия Ивановна, Малыков Василий Митрофанович, Музалевский В.В.,  Манзюк Виктор  Афанасьевич,  Рахимов Алдаберген Каримович,  Васильев Николай Иванович, Волошин Николай Терентьевич,  Крикотин Василий Герасимович, Курбанов Алим Курбанович, Даниленко Алексей Владимирович, Разумный Анатолий    Петрович, Зубов Василий Иванович, Григоренко Иван Иванович, Одинцов Валерий Иванович, Лозенко Владимир Петрович, Ягмуров Якши Шамилович , Асимкулов Таубалды Анаркулович.

 

 

 

СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ ҚҰРМЕТТІ ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҚҚАН                       КОЛЛЕДЖДІҢ   АРДАГЕРЛЕРІ

 

Иргебаева Адия  Құмашқызы, Тазабекова Рабиға     Батырханқызы, Ақботаева Бибізейнеп Сабаншықызы, Үмбетжанов Тұрсын, Тәнібергенова  Күміс Омашқызы, Дүншебаев Сейтақын, Абсейтов Бақытслям Абсейтұлы, Муйтенбаев Тұрдыбай Оразбайұлы, Исаев Құсман, Айтуғанова Азат Жұмаханқызы, Ходусова Зоя Васильевна, Усабаева Жұмагүл Жиенбайқызы, Байсақалова Сәния Ботбайқызы, Старовойтов  Виктор Петрович, Панкратова  Галина Николаевна, Абильчанова   Жақсыбала Асылбекқызы, Утекова Марал                Досжанқызы, Хасенова Гуля Семейжанқызы.

 

 

Әр ұжым үшін ең үлкен байлық – өзінің еңбегінің жемісін көру

Қай жерде жұмыс істейді түлектер ……..

???????

 

Уақыт өзгереді, оқытушылар мен студенттер де, бірақ колледждің өз алдына қойған мақсаты, міндеті өзгермек емес:

 

?????

Студенттік өмір – бұл тек қана білім алу емес, сонымен қатар жаңа достар мен қызықты кездесулер, би кеші, спорттық жарыстар. Бұл кезеңді ұмыту мүмкін емес.

Студенттік жылдар – Талғар политехникалық колледжде оқыған әрбір студент үшін алтын кезең.

Колледжімізде студенттерді өзін өзі басқару қоғамы жұмыс істейді – жастар ісі туралы комитет. Бұл комитеттің мүшелері қоғамдық, ғылыми жұмыстармен айналысып, оқуға байланысты мәселелермен айналысады. Сонымен қатар Талғар ауданы, Талғар қаласының жастар саясатымен, жастар ұйымымен тығыз қарым-қатынаста.

МАМАНДЫҒЫМ – МАҚТАНЫШЫМ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Колледждің өзінің қалыптасқан дәстүрлері бар: студенттік ғылыми-техникалық конференциялар, белгілі адамдармен, колледжді бітіріп кеткен түлектермен кездесулер ұйымдастыру, кәсіби шеберлікті дамыту үшін өткізілетін сайыстар «WorldSkills»,  «Ең үздік маман», студенттер қатарына қабылдау, олимпиадалар, КВН, спорттық жарыстар, Денсаулық күні, тақырыптық кештер және т.б.

 

«WORLSKILLS KAZAKНSTAN – 2018» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

 

 

 

2017-2018 оқу жылында белгісіз солдаттың ескерткішіне гүл қою сәті

 

 

 

«Жігіт сұлтаны» байқауынан көрініс

 

 

 

Спорттық іс-шарадан көрініс

 

 

Кәсіпорындар – әлеуметтік серіктестер, студенттерімізге керемет мүмкіндік сыйлайды.

ЖШС «Glasman», ЖШС «Тұлпар-Экспресс», ЖШС «Тексти-Маркет», Серіктестер?????????

 

 

 

 

 

 

Жоғарғы оқу орындарына жолдама

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дариға Нұрсұлтанқызының қолдауымен бүгінде жоғарғы оқу орындары бетбұрыс жасап, бірінші деңгейлі колледжімізге өз қолдауларын көрсетіп келеді. Бүгінде АТУ, Қ.Сатпаев атындағы Қаз ҰТЗУ, Қаз ИТУ,  Қаз ҰАУ, Қаз ҰПИ, Л.В. Васильев атындағы Кама АМТ, АЭБУ, ХАТУ, ҚРИА білім ордаларымен меморандумға қол қойылды Меморандум  аясында  жоғары оқу орындарымен жеке бірлестіктер арасында  жұмыс  жоспарлары  бекітілді.

 

Мыңдаған жұмысшы мамандары түлеп ұшқан алтын ұямыздың өзіндік қалыптасқан дәстүрлері, кешегі өміріндегі білікті мамандарының жемісті еңбектері қазіргі таңдағы жетістіктеріміздің бастапқы іргетасы ретінде көрініс табады!!!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Мен  жастарымызды  жұмысшы  мамандығын белсенді меңгеруге шақырамын. Жұмысшы  мамандықтарын  меңгеру керек. Кезінде мен де жұмысшы киімін киюден бастадым, домна пеші  от – жалынының жанында тұрдым. Үлгі алыңдар! Жылдар өтеді, бірақ осы өмірлік тәжірибелерің, сендер қандай өмір жолын таңдап алсаңдар да міндетті түрде кәделеріңе жарайды.»

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың

Қазақстан халқына Жолдауынан.

«Я призываю нашу молодежь активно осваивать рабочие специальности. Надо осваивать рабочие профессии. В свое время я тоже начинал с рабочей спецовки, стоял у горнила доменной печи. Берите пример! Пройдут годы, но этот жизненный опыт обязательно вам пригодится, какую бы судьбу вы не изберете.»

Президент РК  Н.А.Назарбаев,

из Послания народу Казахстана

 

Copyright © 2018 ТалғарПолиТех All rights reserved.
This site is using the Desk Mess Mirrored theme, v2.5, from BuyNowShop.com.

Яндекс.Метрика