Колледж директоры және орынбасарлары.

Директор колледжа со своими заместителями обсуждают о внедрении инновационных методов обучения в учебный процесс.

\"Тігінші\"мамамандығының білім алушылары оқу-өндіріс сабағында.

Обучающиеся специальности\"Швея\"во время производственного обучения.

\"Аспаз\" мамандығының білім алушылары оқу-өндіріс шебері Серғали Шынармен.

Обучающиеся специальности\"Повар\"во время производственного обучения с мастером Сергали Шынар.

\"Автослесарь\" мамандығының білім алушылары оқу-өндіріс шебері Абдыкалыков Рүстеммен.

Обучающиеся специальности\"Автослесарь\"во время производственного обучения с мастером Абдыкалыковым Рустемом.

\"Газэлетрдәнекерлеуші\" мамандығының білім алушылары оқу-өндіріс шебері Абдиев Вали Ташбекұлымен.

Обучающиеся специальности\"Газоэлектросварщик\"во время производственного обучения с мастером Абдиевым Вали Ташбековичем.

 

Колледж өмірінен

Туған жер баурайындағы дүбірлі дода

        Егеменді еліміздің даму жолындағы әр қадамы біздер үшін үлкен мәртебе. 1993 жылдан бастап Қазақстан Универсиада ойындарына қатыса бастағаны белгілі. Телеаудиториясы 80 елден 1 миллиард көрермен болады деп топшыланған Универсиаданы 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында туған жерімізде тамашалауымыз біз үшін үлкен қуаныш. «Егемен Қазақстан» газетінің 25 қаңтардағы санында «Біз – белсенді көрерменбіз» атты жарық көрген мақаламда жанкүйер ретіндегі өз ойыммен бөлістім. Бүгінде дүбірлі додаға Қазақстан азаматы ретінде 300-ге жуық ұжым мүшелері, студенттер көрермен ретінде барып, жерлестерімізге жанкүйер болды. Туған жер баурайындағы дүбірлі дода еліміздің абройын асқақтатып, жас өркенге мол тәрбие беретіні сөзсіз.

Талғар политехникалық колледж директоры            Ж.Кибекбаев

%d0%b3%d0%b0%d0%b7

№15 «Егемен Қазақстан» газеті. 25 қаңтар, 2017 жыл.

Педагогикалық оқу – кәсіби даму жолы

            Колледждің оқытушылары мен шеберлерінің арасында ұстаздардың шеберлігін шыңдау, жаңа инновациялық технологияларды оқып үйрену, басқа білім орындарымен тәжірибе алмасу мақсатында қысқы каникул күндері педагогикалық оқу жұмыстары ұйымдастырылып өткізілді. Педагогикалық оқу барысының жоспарын құрастыруда оқу үрдісіне модульдік тәсіл негізінде әзірленген оқытудың кредиттік технологиялары мен білім беру бағдарламаларын құрастыру бойынша туындаған мәселелер ескерілді. Шеберлер мен ұстаздардың біліктілігі мен білімін шыңдау мүмкіндіктерінде жас мамандармен жұмыс, бағалаудың критериалды түрін меңгеру, сабақ беруде АКТ технологияларын игеру жолдары қарастырылды. Сондай-ақ, ЖОО мен Республикалық институт лекторлары арнай шақырылып, шеберлер мен оқушылар үшін лекциялар оқылды.

            «Оқу сапасын арттыруда АКТ пайдалану. Кинометофора әдістемесі» атты тақырыпта Педагогикалық Орталық Шеберлігінің тренері С.Закариянова семинар өткізді. Семинар барысында оқытушылар мен оқу-өндіріс шеберлеріне топтық жұмыстың маңыздылығын көрсете отырып, АКТ-ны қолдану тәжірибесімен бөлісті. «Құнанбай» фильімін талдау арқылы инновациялық әдіс-тәсілдерді танытты. Қатысушылар топта шығармашылықпен жұмыс жасады.

1%d1%88%d0%b8 2%d1%88%d0%b8

Меморандум негізінде Халықаралық Ақпараттық Технология университетінің оқытушылары: Ш.Алшынов, Ж.Болатбаев колледждің «Компьютер құрылғыларын жабдықтаушы техник» мамандығының ұстаздарына сабақ беруде көрнекіліктерді қолдану түрлерін таныстыру мақсатында тренинг-сабақ өткізді.

Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетінен педагогика ғылымдарының доценті - Н.Жұмағалиева «Оқытудың жаңа технологиялары: кредиттік және модульдік оқыту технологиялары ойынша оқу-әдістемелік құжаттар әзірлеу және енгізу жолдары» тақырыбында семинар өткізді. Қатысушылар көкейдегі сұрақтарына жауап алды. Оқытудың кредиттік технологиясының ерекшеліктерін ескере отырып, силабус жасау және оқу үрдісіне қажетті оқу-әдістемелік бағдарламалар әзірлеу жолдарын талдады, үйренді.

 «Оқулықтар, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік, электронды тасымалдағыш құралдарын және дидактикалық материалдар әзірлеу» тақырыбында жас мамандармен жұмыс ұйымдастырылды. Әдіскер Б.Нүптекееваның ұйымдастырылуымен өткен семинардан жас мамандардың үйренері көп болды. Семинарда колледжіміздің оқу-өндіріс шеберлері: Г.Нұрғалиева, А.Мусалимованың тәжірибелері таратылды.

«Кәсіптік білім беруде құзыретті маман даярлаудың инновациялық жолдары» атты шеберлерге арналған семинар өтті. Семинар барысында оқу-өндіріс шеберлері колледжде оқытылатын әр мамандық бойынша сабақтан фрагмент көрсетті. Әр маман өз тәжірибесімен бөлісе отырып, тәжірибе сабақтарында маман даярлаудың инновациялық жолдарын талдады.

Бүгінгі білім беру жүйесінің ерекшелігі мен талаптарына сай «Критериалды бағалау жүйесін тәжірибеге енгізудің ғылыми аспектілері» атты коучингті колледждің ғылыми ісі жөніндегі орынбасары М.Мухамедьярова жүргізді. Пән оқытушылары мен оқу-өндіріс шеберлері критериалды бағалаудың маңызы, құрылымымен танысты. Бағалаудың түрлерін көрді. Критери бойынша бағалауды өз пәндеріне келтіріп құрастырып, дискрипторларын анықтады.

3%d1%88%d0%b8 4%d1%88%d0%b8

Педагогикалық оқу күндері аясында «Қазіргі замандағы оқытушы тұлғасы» атты  семинар – тренинг өтті. Бұл іс-шараға Алматы қаласынан   Қазақстан Республикасының  қоғамдық қорының консультант - психологы Ильясова Кулмес Баймұратқызы шақырылды.  Бұл семинарға колледж оқытушылары мен өндіріс шеберлері қатысты. Ең  басты айтылған мәселе  қазіргі замандағы ұстаздың қандай болуы, білім алушылармен жұмыс істеу жолдарымен таныстыру, өз қабілеттерін көтеру, мәдениеттілікке, әдептілікке шақыру болды. Сонымен қатар  «Дені саудың жаны сау»  ұстаздарға  тренинг жүргізді.

8%d1%88%d0%b8 2%d1%88%d0%b8

Оқу күндері оқытушылар мен оқу-өндіріс шеберлерінің салауатты өмір салтын ұстану мәселесіне де ден қойылды. Оқытушылар арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылып, қысқы демалыс орынына саяхат жасалды. Педагогикалық оқу соңында ұжым қызметкерлері мен оқытушыларынан «Менің педагогикалық оқу барысындағы шеберлік туралы ойым» атты эсседен конкурс ұйымдастырылды. Эссе жаздырудың мақсаты педагогикалық оқуды қорытындылау. Қатысушылар көзімен бағалау. Келер жұмыстарға жоспар жасау болды. Мамандардың шеберлігін шыңдайтын осындай жұмыстар еңселі еліміздің абройлы еңбегінің нәтижесіне жол салары нақ.

М.Мухамедьярова

директордың ғылыми-әдістемелік

 ісі жөніндегі орынбасары

Құттықтаймыз!!!

«Жаңашыл бағытқа – кең өріс» үздік сабақ жоспарлар топтамасының РЕСПУБЛИКАЛЫҚ жинақ – материалдарына сабақ жоспарлары енген колледж оқытушыларын құттықтаймыз!

 
Аты – жөні Пәні Тақырыбы
1. Нургалиев Айдос Нуракынович Алғашы әскери дайындық пәні мұғалімі «Строевые премы и движение с оружием»
2. Исаева Адия Құсманқызы Арнайы пән оқытушысы «Белдемше түрлері және оны құрастырып тігу»
3. Асқарова Сезім Арнайы пән оқытушысы «Көңілді тапқырлар»
4. Бейсембаева Елмира Канагатовна Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі «Өнердің сайыпқыраны»
5. Мухамедьярова Майраш Кобеновна Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі «Мәдени қарым – қатынас»

21.10.2016ж

Талғар политехникалық колледжінде «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын аккредиттеуден өтуге дайындау» тақырыбында өткізілген дөңгелек стол  туралы

ПРЕСС-РЕЛИЗ

 

    2016 жылдың 21 қазан күні Талғар  политехникалық  колледжінің базасында «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын аккредиттеуден өтуге дайындау» тақырыбында іс-тәжірибе алмасу шарасы ұйымдастырылып өткізілді. Дөңгелек үстел мақсаты:  Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын аккредиттеу стандарттарымен таныстыру.

   Дөңгелек үстелді «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» орталығының жоба жетекшісі Гасимов Ринат, бас маманы Бекенова Динара ұйымдастырып өткізді.

  Семинарға Талғар политехникалық колледжі, Талғар қаласындағы Қонаев атындағы колледжі, Үздіксіз білім беру көпсалалы колледжі, Есік қаласындағы кәсіптік техникалық колледжі, Есік қаласындағы Жетісу Заң колледжі, Алматы экономика колледжі, Талғар қаласындағы медицина колледжі, Шелек политехникалық колледжі, Үшқоңыр шаруашылық колледжі, Жандосов атындағы колледж,  Қаскелең гуманитарлық колледжі, Экономика және құқық колледжі, Қаскелең көпсалалы мәдениет колледжі, Алматы инновациялық техникалық колледжі мамандары қатысты.

2 1

«Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» орталығының бас маманы Бекенова Динара дөңгелек үстел тақырыбын ашып, аккредитация туралы жалпылама түсінік берді.

   Бұдан әрі дөңгелек үстел жұмысын  «Акридиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» орталығының жоба жетекшісі Гасимов Ринат жүргізді. Гасимов Ринат аккредитация туралы нормативтік сілтемелер, терминдер мен анықтамалар, институционалдық аккредиттеуді жүзеге асырудың рәсімдері, жалпы ережелері, бағалау өлшемдері,стандарты туралы түсінік берді. Тәжірибе алмасу барысында «Педагогикалық ұжым және оқытудың тиімділігі» тақырыбының аясында талқылаулар жүрді. Қатысушыларға аккредиттеу шарттары толықтай таныстырыла отырып, аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігінің коммерциялық емес мекемесімен дайындалған кітапшалар ұсынылды.

   Аталмыш кездесу барысында қатысушылар кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерін аккредиттеу туралы көкейтесті сауалдарын қойылып, көңілден шығарлық жауаптарын алды.

   Семинар соңында Талғар политехникалық колледж директоры Ж.Т.Кибекбаев семинар ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, берілген ақпараттардың құндылығына, қажеттілігіне тоқталып өтті.

3

   Қатысушыларға «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» директоры А.Жумагулованың қолы қойылған сарапшының маманданымы туралы куәлік табысталды.

13.10.2016ж

Талғар политехникалық колледжінде «Электронды оқыту жүйесін енгізудің

тиімді жолдары» тақырыбында Халықаралық Ақпараттық Технология университетінің мамандарымен дөңгелек стол  туралы

ПРЕСС-РЕЛИЗ

 

    2016 жылдың 13 қазан күні Талғар  политехникалық  колледжінің базасында «Электронды оқыту жүйесін енгізудің тиімді жолдары» тақырыбында іс-тәжірибе алмасу шарасы ұйымдастырылып өткізілді.  Дөңгелек үстел мақсаты:  экономикалық орнықты даму үшін сапалы білім беру қажеттілігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Бағыты: E-learning — электронды оқыту жүйесі Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру. Міндеті: Талғар политехникалық колледжінің оқу үдерісін автоматтандыруды енгізудің тиімді жолдарын қарастыру.

  Дөңгелек үстелге Ақпараттық Технология халықаралық университетінің оқу әдістемелік жұмысы жөніндегі департаментінің директоры Рысбекова Алма Абдисалиевна, Талғар политехникалық колледж әкімшілік мүшелері, бірлестік жетекшілері, Талғар политехникалық колледжінің «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының оқытушылары, оқу-өндіріс шеберлері, «Талғар» газетінің тілшісі Ержанова      Фарида қатысты.

11 22

   Колледж директоры Ж.Т.Кибекбаев дөңгелек үстелге қатысушы оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлеріне алдағы жұмыс барысында шығармашылық табыстар тілеп, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының алдында тұрған келелі міндеттерді санамалай келе, болашақ білікті мамандарды қалыптастыру жолында атқарылған шараларға кеңінен тоқталып өтті. Бұдан әрі дөңгелек үстел жұмысын  Талғар политехникалық колледжі арнайы пән оқытушысы Рғымбаева Рита Жетпісбайқызы жүргізді. Рита Жетпісбайқызы колледжіміздегі 2016-2019 жылдарға арналған білім және ғылымды дамытудағы мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысындағы іс-шараларды атай келе жоғары оқу орындарымен келісілген меморандум шарттарының негізіндегі жұмыстарды саралап өтті.  Бұдан әрі сөз кезегі Халықаралық Ақпараттық Технология университетінің оқу әдістемелік жұмысы жөніндегі департаментінің директоры Рысбекова Алма Абдисалиевнаға беріледі. Алма Абдисалиевна IT университетінде жасалынып жатқан шараларға тоқтала отырып, электронды оқыту жүйесін енгізудің тиімді жолдары туралы ақпараттармен ой бөлісті. Университетте оқу-әдістемелік саласындағы тың жаңалықтармен таныстыра келе, колледжбен меморандум шарттарының негізінде бірлескен жұмыстарға ұсыныстар білдірді.

   Аталмыш кездесу барысында қатысушылар меморандум аясында  атқарылып жатқан жұмыстардың  тиімділігі мен нәтижесі бағытында бірнеше сауалдар қойылып, көңілден шығарлық жауаптарын алды.

   Дөңелек үстелге қатысушы колледждің бөлім меңгерушісі М.К.Мухамедьярова электронды оқыту жүйесінің тиімді алғышарттарын атай келе 130400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы, 1304063 «Компьютер құрылғыларын жабдықтаушы техник» біліктілігі негізінде  оқытылып жатқан бірлестік жұмысын төмендегідей жандандыру мәселелеріне тоқталды.

1) кәсіптік және техникалық колледж білім беру жүйесінде оқытудың жаңа парадигмасына көшу механизмін құрудың мүмкіндіктерін қарастыру:

2) компьютерлерді, жергілікті немесе ауқымды Интернет желісінде пәнге бағдарланған сандық оқу компоненттерін кейстік, желілік, Интернет технологияларды, синхрондық жеткізу әдістерін қолдануды жүзеге асыру жолдарын қарастыру:

3)  электронды оқытудың негізі – ақпараттық-коммуникациялық технология (АКТ) негізінде колледждің оқу-тәрбие жұмысын бір нүктеде басқарудың мүмкіндіктері:

4) оқу-өндіріс шеберлерінің мамандықтар бойынша «Электрондық оқулық» жасауда шығармашылық топ құрып,  ғылыми жетекшілік ету мәселелерін қарастыру:

5)  желілік бірлесе даму әріптестігін құра отырып, Талғар политехникалық колледжінің «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының оқытушылары, оқу-өндіріс шеберлері үшін қашықтан оқыту арқылы жаңаша ақпараттармен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін қарастыру.

33

   Дөңгелек үстел соңында колледж директоры Ж.Т.Кибекбаев бірлесе даму жоспарын ұсынды.  Алдағы уақытта екі тарап бірлескен жоспарлар құрып, колледждің электронды оқу жүйесін тиімді жүргізу шараларын жасауға келісті.

13.10.2016 ж

13.10.2016 ж Талғар политехникалық колледжінде Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан, колледж түлегі  Г. Захаровты еске алу күніне арналған жеңіл атлетикадан колледж ішілік жарыс өтті.

img_0038

      Студенттердің патриоттық сезімін, құқықтық және ұлт аралық  мәдени қарым – қатынасты қалыптастыру, ден саулықтарын нығайту мақсатында Талғар политехникалық колледжінің  спорт алаңында Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан, осы оқу орнының түлегі – Генадий Захаровты еске түсіруге арналған жеңіл атлетикадан колледж ішілік жарыс өтті. Жарыстың ашылу салтанатында Г. Захаровтың өмірі, ерлігі  туралы айтылды. Сонымен қатар  оқытушы О.Безобразова  Г.Захаровтың ұстазы  К.Кезилованың  «Сыновья не воскреснут» өлеңін оқыды. 12 топ студенті Шәріпхан Мадияр өз өлеңін арнау етті. Арнайы шақырылған Г. Захаровтың анасы Тамара Георгиевна жас жауынгердің балалық шағы мен оның майдан даласында ерлікпен қаза тапқан кезеңдеріне дейінгі өмір жолын колледж студенттеріне әсерлі баяндап, сол кездегі ұлының жазған хаттарынан үзінділерін  оқып берді. Колледж студенттері Ұлы Отан соғысында құрбан болған жерлестерімізге, Ауған соғысында құрбан болған ағаларымыздың ескерткіштеріне тағзым етіп, гүл себеттерін қойды.

img_0047

     Спорт алаңында өткен жеңіл атлетикаға барлық топтар белсене қатысты.  Жүздеген колледж студенттері өздерінің намысы үшін сайысқа түсті. 60 метр қашықтыққа қыздар арасында І- орын алған №14 топ студенті Анисовец Карина. 100 метр ұлдар арасында І- орын алған №21 топ студенті Исмайлов Алгаберды. 1000 метр  қашықтықта І- орын алған №41 топ студенті Тажмуратова Динара және 2000 метр  қашықтықта І- орын алған №22 топ студенті Мадали Айбол. Жарысты ұйымдастырып төрешілік еткен дене шынықтыру пән мұғалімдері Қ.Рысбаев, Ш.Дүншебаев, А.Ерғалиев спортшыларды әділ бағалады. Осы іс-шараны дайындап ат салысқан ДТІЖО Ж.Құрманғожаева, тарих пәнінің мұғалімі Б.Бекбаева және алғашқы әскери дайындық жетекшісі А. Нұрғалиев.  Жарыс соңынан жеңімпаздар мен жүлдегерлерге «Диплом» мен бағалы сыйлықтарды колледж директоры Ж.Кибекбаев және Г.Захаровтың анасы Т.Георгиевна салтанатты түрде марапаттап алғысын білдірді.

img_0115

Талғар политехникалық колледжінде өткен  Ресей Федерациясында 1941 жылы Мәскеу түбінде генерал-майор И.А.Панфилов бастаған 316 атқыштар дивизиясының танымал ерлігінің 75-жылдығына орай атқарылған іс-шаралары туралы мәлімет.  

Талғар политехникалық колледжінде топтар арасында «Өшпес ерлік – ұрпаққа мұра» тәрбие сағаттары өтті. Тәрбие сағаттарында студенттерге Мәскеу түбінде генерал-майор И.А. Панфилов бастаған 316 атқыштар дивизиясының танымал ерлігі туралы айтылып,«316 атқыштар дивизиясы» атты деректі фильм қазақ және орыс тілдерінде көрсетілді. Колледж кітапханасының оқу залында «Ерліктің өшпес даңқы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

222222222211111111111

Колледж студенттері  алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Нұрғалиев Айдостың жетекшілігімен Алматы қаласындағы 28 гвардияшы Панфиловшылар атындағы парктегі мемориал тақтаға гүл шоқтарын қойып, хас батырлардың ерліктеріне тағзым етіп қайтты. Мақсаты: Оқушы бойындағы патриоттық сезімін жоғарылату, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру. Отан қорғаушы ретінде азаматтық және адамгершілік қабілетін жоғары ұстауға тәрбиелеу. Қазақстан Республика Қарулы Күштері қатарына әскери борышын өтеуге міндетті екендігін сезіндіру.

 Колледждің кітапханасының оқу залында 25 топ студенттері мен «Ұрпаққа ұран болған батырлар» атты тақырыпта ерлік сабағы өтті. Сабақтың мақсаты:

жас ұрпақтық бойында Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата – бабамыздың ерлік ісін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі тұту. Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, ерлікке, адал да батыл болуға тәрбиелеу. 1941 жылдың шілдесінде генерал И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматыда 316-шы атқыштар дивизиясы ұйымдастырылу тарихынан мәлімет беру. Сабақ барысында тарихи бейне фильмдер мен слайдтар көрсетілді. Тарих пәнінің мұғалімі Ә.Қойгелдиева студенттерге 1073-ші атқыштар полкі Талғарда жасақталғанын, ол кейін "Талғар полкі" деп аталып Б.Момышұлы өз батальонын Талғардағы ауыл шаруашылығы техникумында орналастырып, тау бөктеріндегі "Солдат сайы" шатқалында жауынгерлерге соғыс өнерін үйретіп,  ұрыстың әдіс-тәсілдерін жаттықтырғаны туралы әңгімелеп берді. Сабақ барысында «Бауыржан Момышұлы» фильмінен үзінді көрсетілді.

       Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Нұрғалиев Айдос 316 атқыштар дивизиясының ерліктерін баяндай келіп,Бауыржан Момышұлының жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты ұрыстан шығу, шегініс жасау тәсілдерінің арнайы тарау болып әскери жарғыға енуі, тактикада «ошақты» және «икемді қорғаныс» ұғымдарының қалыптасуы тәжірибелерінің жиынтығын баяндап берді. 25 топ студенттері даңқты қолбасшыға арналған ақындардың өлеңдерін оқып, Москва түбінде болған шайқастағы Қазақстандық атақты 316 атқыштар дивизиясының ерліктері туралы өз тебіреністерін ортаға салды. Кітапханашы Жұмағалиева Гауһар кітап көрмесінен библиографиялық шолу жасады.

25.10.2016ж

Талғар политехникалық колледжінде 25.10.2016 ж сағат 14:00 де акт залында Діни Экстремизм және терроризмді алдын алу іс – шарасы өтті.

Мақсаты: 44333333  

Экстремизм, терроризм терминдеріне түсінік беру, студенттерді БАҚ құралдарымен ғаламтор материалдарын пайдалана отырып, дамыта оқыту.Келер ұрпақ жас өреңді өмір қауіпсіздігі жанашырлыққа, бейбіт рухани адами қасиеттерге тәрбиелеу « Тәуелсіздік – барлық Қазақстандықтар үшін ең қасиетті құндылық» деп біздің елбасымыз Н.Ә Назарбаев ұран тастаған. Сондықтан бәрімізге қастерлі Тәуелсіздігіміздің нығаюы үшін елімізде ұлтаралық және дінаралық татулықтың сақталуы үшін бір кісідей атсалысайық. Әрбір азамат қоғам тыныштығы үшін діни экстремизмге табанды түрде қарсы тұруы тиіс. Қазақ халқы ертеден – ақ бірліктің, ынтымақтың маңызын жете түсінген. Осы іс – шараға арнайы шақырылған қонақтар. Талғар қаласының Нұржау мешітінің бас имамы Абдуалиев Ұлықбек Тағайбекұлы; Талғар ауданы жастар ресурстық орталығының бас кеңесшісі Тілеуберді Рүстем Амангелдіұлы; Талғар ауданы жастар ресурстық орталығының кеңесшісі Абатайқызы Мөлдір. Іс – шара барысында колледж студенттерінен арнайы құрылған « терроризмге» қарсы топ құрылды. Олар колледж студенттері мен ұстаздардан сауалнама жинады. Театрландырылған көріністер көрсетті. Олардың ұраны «Экстремизм – жастар жауы» Іс – шара патриоттық, азаматтық бағытта өтті. Белсенді атсалысқан № 11 топ                 « Автокөлік жөндеуші слесарі» мамандығының студенттері және топ жетекшісі Аманова Сабира Темірбекқызы, топ шебері Мүйтенбаев Тұрдыбай.

    Соңынан колледж директоры келген қонақтарға алғысын білдірді.