Колледж директоры және орынбасарлары.

Директор колледжа со своими заместителями обсуждают о внедрении инновационных методов обучения в учебный процесс.

\"Тігінші\"мамамандығының білім алушылары оқу-өндіріс сабағында.

Обучающиеся специальности\"Швея\"во время производственного обучения.

\"Аспаз\" мамандығының білім алушылары оқу-өндіріс шебері Серғали Шынармен.

Обучающиеся специальности\"Повар\"во время производственного обучения с мастером Сергали Шынар.

\"Автослесарь\" мамандығының білім алушылары оқу-өндіріс шебері Абдыкалыков Рүстеммен.

Обучающиеся специальности\"Автослесарь\"во время производственного обучения с мастером Абдыкалыковым Рустемом.

\"Газэлетрдәнекерлеуші\" мамандығының білім алушылары оқу-өндіріс шебері Абдиев Вали Ташбекұлымен.

Обучающиеся специальности\"Газоэлектросварщик\"во время производственного обучения с мастером Абдиевым Вали Ташбековичем.

 

Тарихы

IMG_0013444

Талғар политехникалық колледжі

Тарихым-тәбәрігім
  Бір  ғасырға бір қарыс  жақын  қалған   Талғар политехникалық   колледжінің    осынау   ғұмыры    сексен    жылдан  асқан.  Осы   қасиетті     шаңырақта мамандық  таңдап , білім   алған   кешегі    шәкірттерді     облысымыздың , тіпті   республикамыздың  кез-келген    өңірлеріндегі    еңбек     төрінен  кездестіруге  болады.    Олар  еңбек   көрігін    қатардағы   қарапайым     жұмысшыдан  бастап    шыңдала келе  қабілетіне     қарай    қалыптастырғандар.   Тәжірибелі маман , білікті басшы , білімді    ғалым,   халық қалаған   депутат,   үкімет  мадақтаған  озат,  біртуар   қайраткерлікке  дейін   көтерілгендер    көп арасынан  кездеседі –ақ.
                Өмірі  ұзақ , өрісі кең  отау  үйдің  қара  шаңырағы 1933-1934 жылдары   ашылған екен.   Біздің мақсат-  жыл  құсындай     жылжып     жылдар  өткен   осы  білім ошағының    кешегі  және  бүгінгі   сатыларын  санай  отырып  сұрыптау  ғана емес, сапасын     таразылап   баға  беру   әрі  мақтан  тұту, өнегелі    еңбегін    үлгі етіп дәріптеу және     тарихи құжат қалдыру.
Әдетте сексен    жастан    асқандарды  халқымыз  абыз  ата атайтын.  Бұл атау  айтуға  оңай  көрінгенімен   таразы  басының      салмақтырақ  екенін   де  дұрыс  түсінгеніміз жөн.  Ғұмырына  орай  – жұғымы.  Қаншама   қыйлы    кезеңді ,қызықты  да   қуанышты    жылдарды      кестедей  тоқитын  болсақ   ол да  өзінше  бір хикая.  Ендеше   тарих тізгінін баяндау   әрі сабақ , әрі  тағылым  – тәрбие  демекпіз.
                Колледж  ертеде  алғаш    1933-34  жылдары    кәсіптік –техникалық    мектеп   деп аталыпты.   БК (б) П  Қазақ  Өлкелік   Комитетінің   қаулысымен   Талғар  республикалық     механиктер мектебі   Алматы  облысы, Іле  ауданы  осы Талғар    станциясында ашылған.   Аудан    1928    жылы     құрылған , 1969   жылға  дейін   Іле ауданы  атанды.   Талғар  қаласының   атауы  алғаш   Софийск   станциясы  делінген,одан  кейін  Мураев  селосы  делінген. Станция   1960    жылы    облыстық    бағынысқа жатқызылып  Талғар  қаласы  атанды.  Жетісудің  жерұйығы  саналған    Талғар     өңіріне   көз   тіккендер   сонау  патша       заманынан  басталған.   Алғашқы    өлкентанушылардың  бірі   С.Е Дмитриев 1910 жылы,  одан     кейінгі    географ С.В. Колесник , 1929-1931  жылдары   Қазақстанға  жасалған     экспедициясында   Іле Алатауының  «  Желдімұз» шыңына  дейін     көтерілген.  Тіпті     1856   жылдың   көктемінде    Семенов   Тянь-Шанский  Талғар ,Есік , Шелекке    дейін  барса  ,  Ш.Уалиханов   саяхаты  да    өзінше .  Талғардың     көне  тарихи орны  Талхизды   археолог ғалым   К. Байпақовта  көптеп   қазып   зерттеуде.
Жер тарихы      әрине      осындай   ел  тарихымен  сабақтас. Талғар   механиктер  мектебі    1953 жылы    «Талғар   ауылшаруашылық   механизация  және     электрофикация  ущилищесі»  болып   өзгертілді.    Училище    Республикамыздың   Солтүстік    облыстарына  машинист- тракторист  мамандарын   көбірек   дайындауға  баса    көңіл  бөледі.    Ал   1973 жылы  училище  атауы  «Ауылшаруашылық  кәсіптік-техникалық   училище»   болып  жаңартылды.   Мемлекеттік   кәсіптік  білім     басқармасының   № 220    бұйрығы  бойынша      училище    атауы  «№ 4  Талғар   орта  кәсіптік    -техникалық  училищесі»  болып  атанды.   Училище    автокраншы , бульдозерші,    экскаваторшы   мамандығын  даярлау арқылы   іріленген.   Білім беру  ,  оқу  бағасы   арта  келе    1985-1986   жылдары    қоғамдық  тамақтану    және  токарь , электргазбен  дәнекерлеуші   мамандары  қосылып  іріленеді.   Училище атауы  1992  жылы  «№4 Талғар  кәсіптік-техниклаық   училище  » болып    жаңартылады.    «Кәсіптік-техникалық  училищені  қайта  құру  туралы  » 1996   жылғы    ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің № 152      бұйрығы  негізінде    училище   атауы енді «№4  Талғар кәсіптік-техникалық  мектебі»     болып  өзгертілді.   Мектеп  Республика  бойынша      автослесарь, аспаз,  тігінші,   электргазбен дәнекерлеуші, электромонтер  мамандарын    даярлау  арқылы    Республикамызға кеңінен   танылады.
 Облыс  әкімінің   202  жылы  № 8-212    шешімімен    «Кәсіптік –техникалық     мектеп »    аталған  атауы   «Кәсіптік   мектеп »   болып қайта      өзгертілген.    Мектеп  алты  мамандық     бойынша    кадр      дайындамақ.   Мектеп  2005  жылдан  бастап    оқуды    екі  тілде     жүргізуге  көшті. Оқушылар   жатаханамен  қамтамасыз   етіледі   және   тегін  тамақтанады.
                Облыс  әкімінің   2008   жылы  № 102    шешімімен    «№4   Кәсіптік мектеп» аты   «№ 4 кәсіптік    лицей » болып   өзгертілді.      Оқушылар саны   екі   есеге  өсіп,  олар  600 ге жетті.  Бес жылдан    кейін   2013     жылы  облыс  әкімінің   № 138   қаулысына  байланысты    «№4   кәсіптік лицей» есімі енді  «Талғар политехникалық  колледж»    деп аталды.    Колледж   жеті  мамандық  бойынша      оқытады.   Автокөлік   жөндеуші, аспазшы,    газэлектрдәнекерлеуші, әмбебап  тігінші, электромонтер, электронды  есептеуші машинасының     операторы   және  компьютерлік қондырғыларға     қызмет көрсету  технигін  дайындаса 2013-2014    оқу  жылында   Алматы  облысы  бойынша   колледжде    алғашқы  болып  электронды    оқыту   жүйесі  «e-Learning»   қосымша   енгізілді.   Алғаш  ашылған    1933-34  жылдары    санаулы   оқушыларға  сауатты   деген бірер ұстаздар  ғана     дәріс  берсе,  енді     әр     мамандықтың   білімді,   ғылыми дәрежесі,  атағы  бар,  жоғарғы    категориялы  ұстаздар,  бүгінгі     жаңа  технологияны    жетік  меңгерген   ғылым  мен     практиканы       байланыстырып  сабақ  беруде.   Бір кездегі    ескі,    ұзынша мектеп үйі   қазір   көпқабатты     зәулім  корпус.   Түрлі  үйірмелер  және  көңілді       кештер мен  думанды .  Оқушылар қазірге   жеті  кәсіптік-техникалық мамандық  бойынша     білім алады,  тәжірибе  жинақтайды,   сөйтіп ертең –ақ  егеменді   еліміздің  ірге тасын   мәңгі    ел  атандыратын        түрлі  ұлт    өкілінен    құрылған     ұрпақ.
Found_15365218_725786

Коллежд тарихы мен мамандықтар туралы суреттер

Зәулім  ғимараттың   алғашқы  табалдырығын  аттап  өтісімен  -ақ    тазалыққа  көз  сүйсінеді.   Тәртіп  пен  сыпайылыққа   көңіл толады.     Бүкіл  әлем  таныған  көк  байрағымыз, әнұранымыз,   Төле би, Қазбек би,Әйтеке билердің   терең  ойлы    фото суреттері мен  ұлағатты сөздері  ,   «Астана- Отанымыздың    жүрегі,   тәуелсіздігіміздің  тірегі және  Ақорда-Астана, Алматы  бас қала» деген      атаулы  ұрандарды    еріксіз оқисыз, тұла  бойыңа   патриоттық   рух, Отан сүйгіштік күш, жігер  ұялайды.   Қазақстанның, қазақ елінің   ұланы  екеніңді  еріксіз  сезінесің.
                Оқу кабинеттері,   жинақталған  технологиялық   құралдар  мен жабдықтар, шеберхана, кітапхана, асхана  дейсіз бе бәрі  бар.  Сыртқа  шабылмайсың, ұзақты  күнің  осында  өтеді.   Өйткені   іздегенің,   қажеттің  бәрі  осында . Тек   оқы, үйрен, көңіліңе тоқы  деумен ғана шектелесің.  Сабақ орысша , қазақша  екі тілде   жүреді. 2013-2014 оқу жылынан бастап студенттердің “Колледж тынысы “атты газеті шығарылып жатыр. Газет бетінде колледжішілік іс-шаралар туралы студенттер мақаласы басылып тұрады.
Бұл көргеніміз, көңілге  алғаш тоқып  түйгеніміз.  Әр мамандық бойынша    білім беру, тәжірибе  жүзінде   толықтыру,   ұстаздар мен   әдіскер және   оқу-өндіріс шеберлері жұмысы  өзінше.  Түрлі  үйірме, кездесу  кештері, спорт жарыстары, мерекелі  күндерді  атап  өту, қоғам қайраткерлерімен кездесу, сонымен қатар   ардагерлерді , осы  оқу  орнын  бітіріп  белгілі  болған   озаттармен      сұхбаттасу  өзінше.   Олардың  тәрбиелік  мәні  зор. Өз мамандығын   сүйіп    атқарудағы   шәкірттердің    шынайы  ынтасын  арттыру секілді  жұмыстар үнемі  ойластырылып , алдын-ала  жоспарланады.
                  Колледж  жұмысын  жетілдіру,   білім   сапасын  арттыру   оқу   мен  практиканы   ұштастыру  ,  әрине ұзтаздар  ізденісінде . Сондықтан  болар    жоғары   категориялы    ұстаздар, тәжірибесі   мол оқу-өндіріс шеберлері    мен   әдіскерлер  жалпылама   емес,    көптің  ішінен   іріктелген.  Олар    колледждің    бетке   ұстар    белсенді   қаймақтары.   Тілін  құрметтеу, салтын   сақтау, сыпайылық, сыйластық    бәріне  ортақ .  Байырғы  білім  ордасын  басқарған   басшылар   бұл колледждің    алтын   діңгегі  саналған.   Соңғы  1956   жылдан   бергі     жеті     директорлардың    фото суреттері   көрнекі  болып  ілінген.   Бұл   үлкенге   құрмет,  кішіге  ізет.
Колледж  тарихы   өзінше    бір  шежіре.   Ол ұрпақтан   ұрпаққа   қалар тарихи   құжат.   Ел аузындағы     аңызды  арқа  тұтып, көне    архивтерді ақтарып  ізденбейсіз.  Дайын  жазба     таптырмас   мәлімет.Әрине    колледж   тарихы   мұнымен   шектелмейді. Дәуір  ағысына   орай    жаңарады, оны    жазба  түрінде      жалғастыру    келесі   қаламгердің   үлесінде.