СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ

Білім  беру  саласында  және өзінің күнделікті қызметінде «Талғар политехникалық колледжі» МКҚК-ң  (бұдан әрі  - колледж) ашық, адал және этикалық іскерлік қылық қағидаттарын басшылыққа алады, сондай-ақ кез келген түрдегі сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықты  айқындау және оған қарсы іс-қимылдар жасау бойынша жүйелі жұмысты жүргізеді. Колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін реттейтін негізгі ішкі құжаттар мыналар:  

·         «Талғар политехникалық колледжі» МКҚК-ң қызметкерлері  мен  студенттердің  корпоративтік  этика кодексі;

·         «Талғар политехникалық колледжі» МКҚК-ң «Академиялық  адалдық  кодексі»;

·         «Талғар политехникалық колледжі» МКҚК-ң сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары;

·         «Талғар политехникалық колледжі» МКҚК-ң сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу  регламенті; 


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  мақсатында  Колледжде пайдаланатын негізгі құралдар мен тетіктер мыналар:

·         сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдерін  айқындау, бағалау және басқару;

·         кері байланыс және сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша хабарлау арналарының жұмысы.

Колледжде  ішкі коммуникациялар жүйесі дамыған, ол арқылы кез келген жұмыскерден және өзге де мүдделі тараптардан сыбайлас жемқорлық, сондай-ақ басқа да  асыра пайдаланушылық  пен  заң  бұзушылықтар туралы жедел  ақпарат  түсіп отырады.  Өтініштерді қабылдау үшін Колледжде мынадай арналар бар:

·         Колледждің интернет-ресурсындағы  Блогы

·         Сенім телефоны: +7 (727) 305-70-25, 1424 call 

Сондай-ақ,  арнайы бөлінген «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»   желісі құрылды. Talgar.kzwww.talgarpk.kz
Бұдан басқа, Колледждің мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін бұзу фактілері туралы ақпаратты  +7 (702) 589 22 06 нөміріне хабарлауға болады.
Арнайы бөлінген «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»  желісі сыбайлас жемқорлық айқындамасына сай сыбайлас жемқорлық фактілерін қамтитын хабарламаларды ғана қабылдауға арналған. 
Аталған талаптарға жауап беретін хабарламалар өңделіп, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес қаралады. Арнайы бөлінген желі тәулік бойы жұмыс істейді.
Өтініштер жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қаралады. 
Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында жұмыскерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы білімін арттыру жұмысы жүргізіледі. 
2020-2021 жылы аралығында Колледжде сыбайлас жемқорлық және алаяқтық фактілері анықталған жоқ.